Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

Х(ХХХХХ) ХХХХХ

Басты ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ 1-15 қазан аралығында аға тәлімгер, Көбеш Торғынның ұйымдастыруымен «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында отбасылық институттында шеберлік сыныбы өткізілуде.
1-15 қазан аралығында аға тәлімгер, Көбеш Торғынның ұйымдастыруымен «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында отбасылық институттында шеберлік сыныбы өткізілуде.

қой сою    қойды мүшелеу  ішек қарын тазалау

1-15 қазан аралығында аға тәлімгер, Көбеш Торғынның ұйымдастыруымен «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында отбасылық институттында шеберлік сыныбы өткізілуде. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында елбасы: «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» - деген болатын. Ал осындай ізгі қасиеттердің бірден-бір бастау алып, ұлы тәрбиеге ұласатын тұсы отбасы екенін ескерсек, 2020-2025 жылдарға араналған БҒДМБ сәйкес білім беру ұйымдарының оқу прецесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының  маңыздылығына басым көңіл бөлінгендігін  атауға болады.

Осы орайда қазан айында мектебіміздің  оқушылары;  Картенбай Шұғыланы әжесі Айбарша Қыстаубайқызымен, Рымбек Абзал мен Ерболат Нұрбай ауыл ақсақалы  Мұхия Картенбаймен, Мұхтар Асқарды әкесі Курманбаев Русланмен,  Кәртенбай Әли және Картенбай Нұртөрелерді  әкесі Картенбай Жеңісбекпен, Каирбай Айсананы анасы Жумагулова Гүлжанмен,  Қаиржан Әлиханды анасы Толекова Гүлмирамен, Халел Құдайбергенді ағасы Қожаберген Хонхайұлымен, Дүйсенбай Айтолқын жеңгесі Көбеш Торғынмен,  Кәртенбай Шұғыла анасы Карамурзина Күнсұлумен шараға қатыстыру жоспарланған болатын. Шара барысында үлкендер болашақ жастарды отбасылық тыныс-тіршілікке араластырып, тұрмыстың түрлі қызметіне баулу мақсатында  мал сою, ішек-қарын тазалау, қазанға ет салу, ет мүшелеу, қамшы өру, қолөнер, жиһаз жасау т.б. тәрізді жөн-жоралғыларымыз, салт-дәстүріміз, ұлттық өнерімізді дәріптеп, өз үйлерінде отбасылық шеберлік сыныптарын өткізеді.

Сіздердің назарларыңызға Ерболат Нұрбай қой сою, Рымбек Абзал қойдың етін мүшелеу, Дүйсенбай Айтолқын ішек-қарын аршу сияқты жұмыстарды үлкендерден үйреніп, ары қарай өздері жасап көруді қалыптастыру мақсатында өткізген шеберлік сыныптарын ұсынамыз.

Қалған жоспарланған шеберлік сыныптары да алдағы уақытта мектебіміздің инстаграмм парақшасында жарияланатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз

Выберите школу
x